Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә. Қосановтың Ақмола облысындағы сайлауалды штабы бүгін үгіт-насихат жұмыстарын Степногорск қаласынан бастады

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2019
  • 3227

Әміржан Қосановтың өкілі ретінде осында келіп, насихат үгіт жұмыстарын бастап жатырмыз. Қазір біз оның программаларын таныстырып, өзінің жеке басының өмірлерінде қандай қызметтер атқарғанын, ел үшін, халық үшін қандай жұмыс атқаратыны туралы көп мәселені қозғап жатырмыз. Ал Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың Ақмола облысындағы сайлауалды штабы бүгін үгіт-насихат жұмыстарын Степногорск қаласынан бастады. Жергілікті мәдениет үйінде өткен шараға негізінен білім саласының қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел форматында кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының тұрғындар үшін маңызды деген тұстары талқыланды. Жиында үміткердің сайлауалды платформасына жергілікті азаматтар жан-жақты қызығушылық танытты. Әсіресе, ұлттық құндылықтар мәселесіне басымдық берілді. Бұдан бөлек, қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап алды. 

Дахан ШӨКШІР, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Әміржан Қосановтың өкілі ретінде осында келіп, насихат үгіт жұмыстарын бастап жатырмыз. Қазір біз оның программаларын таныстырып, өзінің жеке басының өмірлерінде қандай қызметтер атқарғанын, ел үшін, халық үшін қандай жұмыс атқаратыны туралы көп мәселені қозғап жатырмыз. Сол мәселелер жайында біз тағы да халық алдында айтатын боламыз.  

Н. Біләл