Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі төмендеп кеткен – А. Мамин

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2019
  • 3629

Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі төмендеп кеткен. Қара алтын сәуір айында 1,1 пайызға аз өндіріліпті. Бүгін Үкімет басшысы Асқан Мамин энергетика вице-министріне ескерту жасады. Махамбет Досмұхамбетов бұл факторды Қашағандағы жөндеу жұмыстарымен түсіндірді.  

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жөндеу жұмыстары 45 күн алып, мамырдың 29-да аяқталуға тиіс. Содан кейін мұнай өндіру көлемі өзінің қалпына келтіріп, екінші жартыжылдықта біз мұнай жоспарын орындап, жылды толық орындаймыз.

Мұнай экспорты да былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 8 пайызға төмендеген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті өкілдері айтты. Экспорттан түсетін пайда осылайша шамамен 1 млрд долларға кеміді. Қазақстан - шикізат елі, сондықтан мұнай өнімдері экспортымыздың 60 пайызын құрайды.  

Өміржан НҰРҒАЛИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА СТАТИСТИКАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: 

Алдыңғы жылғы қаңтар-наурызбен салыстырсақ 4,3 пайызға төмендеді жалпы экспорт еліміз бойынша. Шикізатқа жататын ол мұнай, газ, мұнай өнімдер, бензин. Сол тауарлар елден тыс шығарылады. Әлгілердің пайызы 60 пайызға жуық.

Сарашылар экспортқа ОПЕК ұйымының наурыздағы мұнай өндіруді қысқарту туралы талабы әсер етті дейді. Оның үстіне халырақаралық «Дружба» мұнай құбырының химикаттарман ластанып, 20 күн тазалауда тұрып қалды. Біздің мұнайымыз Ресей арқылы шетелге осы құбырдан өтеді. Экспорт 9 мамырда ғана қайта іске қосылды. Бірақ бұл фактор теңгенің құлдырауына әсер етпеуі тиіс. Себебі мұнайдың бағасы жоспарлағаннан жоғары.  

Меруерт МАХМҰТОВА, ЭКОНОМИСТ: 

Мұнайдың бюджетте жоспарланған бағасы 55 доллар бір баррель үшін. Негізі қазіргі баға 70 доллар - бір баррель үшін. Сондықтан негізі баға жоғарылау болған соң мұнайдың экспортқа тоннамен жұмсап жатқанын санағанда бюджеттің кірісіне әсерін білдірмеуі мүмкін.

А. Сейфулла