Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды мектептеріне бала қабылдау электронды жүйе арқылы жүргізіледі

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2019
  • 2731

Жемқорлыққа жол жоқ! Қарағанды мектептері парақорлықты болдырмау үшін электронды жүйеге көшті. Енді білім ордасына келетін балалар автоматты түрде қабылданатын болды. Өйткені, ата-аналар арасында мектеп, сынып, одан қалса мұғалім таңдайтындар көбейген. Қалалық білім бөлімі жаңа жүйені бүгін мектеп басшыларына таныстырды. Ол маусымның бірінен бастап толық іске қосылады. Ата-аналар тамыздың 30-на дейін балаларын электронды парақшада тіркеп, мектепке қабылдау туралы өтініштерін жолдай алады. Ол үшін арызы мен баланың денсаулық паспорты, сондай-ақ, фотосуретінің сканерленген нұсқасы жеткілікті. Ал баласын тұрғылықты мекен-жайынан өзге мектепке бергісі келетіндер таңдаған мекемелерінде квота немесе кезекке тұру арқылы қабылданбақ. Оқушының қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы ақпарат ана-ананың телефон нөміріне жолданады.  

Наталья ГОЛОВИНА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Мекемеге келіп, директорды тосудың қажеті жоқ. Оның үстіне балаларын тіркелген мекен-жайынан басқа гимназия, лицейлерге бергісі келетін ата- аналар бар. Ондай мектептер толып кетуі мүмкін, сондықтан балалар ең алдымен тұрғылықты мекен-жайы бойынша қабылданады. Содан кейін басқа жақтан келген ата-аналардың өтініші қаралады.

А. Қуаш