Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов Қарағанды облысындағы Үштөбе аулының тұрғындарымен кездесті. Жиында кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы таныстырылып, құжаттың басты бағыттары талқыланды. Кездесуге келгендердің көпшілігі - ауылдағы Карл Маркс атындағы құс фабрикасының қызметкерлері. Сондықтан еңбек адамының құқығы, әлеуметтік жағдайы және ауыл-аймақтарды дамыту мәселелері баса айтылды. Кандидат штабы өңірлер мен шалғай елді-мекендердегі үгіт жұмыстарына басымдық беріп отыр. Демек үміткердің аймақтарға сапары мұнымен тоқтамайды.
Әміржан ҚОСАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:
Бізде шынымен де қоғамда еңбек адамына деген құрмет, ілтипат азайып жатыр. Бізде өнер туындылары арқылы, әр түрлі ақпараттық мүмкіндіктер арқылы басқа мамандықтар, басқа кәсіптер атышулы болып жатыр. Жастарға танымал болып жатыр. Меніңше Қазақстан экономикасының іргетасы болып саналатын осы нақты, реалды сектор. Оларды насихаттау керек. Көркем туындылар арқылы жастар осы адамдардың абыройын, еңбегін көру керек.
Д. Қайыртай