Русский Сайттың толық нұсқасы

Коммунистер партиясының үгіт тобы «Астана электротехникалық зауытының» ұжымымен кездесті.

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2019
  • 2352

Коммунистер партиясының үгіт тобы «Астана электротехникалық зауытының» ұжымымен кездесті. Еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылатын өндіріс орнында 160-тан астам адам қызмет етеді. Былтыр зауыттың өндіріс көлемі 3 млрд теңгені құраған. Ал биыл бұл көрсеткішті 4 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Электротехникалық құрылғылардың әрдайым сұранысқа ие болатынын атап өткен компартия қалалық штабының жетекшісі Нұрдәулет Оразханов, зауыт қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына да тоқталды. Сондай-ақ, кандидат Жамбыл Ахметбектовтың сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Нұрдаулет ОРАЗХАНОВ, ҚКХП НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ :

Жұмысшыларға әрбір кәсіпорыннан түскен табысының 30% еңбекақы қорына бөліну керек деп ойлаймыз. Сол арқылы жұмысшылардың жағдайын әлдеқайда жақсартуға болады. Жұмыс қауіпсіздігі сақталу керек кәсіпорындарда. Біздің партия әрқашан да жұмысшылардың жағында.  

Ә. Өмірзақ