Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл сайын Қазақстаннан көшетіндер саны артып барады - ЛС порталы

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2019
  • 4239

Жыл сайын Қазақстаннан көшетіндер саны артып барады. ЛС порталының хабарлауынша, биыл қаңтар-наурыз аралығында 8 мыңнан астам адам елден көшіп кеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 22 пайызға жоғары. Көбі Ресейге қоныс тепкен. Одан кейін қазақстандықтар Германия, Өзбекстан, Қытай мен АҚШ-та тұруға бел буған. 3 айда 55 адам Америкаға көшіп кеткен. Ал Қазақстанға қоныс аударғандар көшушілерден әлдеқайда аз. 3 айда 3 мыңнан астам адам келген. Бір жарым мыңдай адам Өзбекстан мен Ресейден көшкен. Түркіменстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолиядан қоныс аударған да бар. Иммигранттардың 500-ге жуығының білімі жоғары болса, Қазақстаннан кеткендердің 2,5 мыңға жуығының білімі жоғары болған екен. 

Г. Меңдеева