Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жас пианистер байқауы аяқталды

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2019
  • 2496

Елордада халықаралық классикалық музыка фестивалі өз мәресіне жетті. «Astana Piano Passion» байқауына бұл жолы әлемнің 20 елінен жас пианистер қатысты. Араларында небары 8 жастағы өнер жұлдызы бар. Үздіктер жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде анықталды. Бас жүлдені АҚШ-тан келген Адриан Ромофф пен ресейлік Петр Акулов жеңіп алды. Ал кіші топтан бірінші орын тайвандық пианист Шан-Ен Пайға бұйырды. Байқаудың негізін қалаушы Денис Мацуев бұл жарыста жеңіліс болмайтынын атап өтті. 

Денис МАЦУЕВ, ПИАНИСТ-ВИРТУОЗ, РФ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ :

Бұл - әрине, сайыс. Бірақ одан қатысшылар мол тәріжибе мен мүмкіндік алды. Бірін фестивальге шақырса, 4-і Орталық музыка мектебінде оқуға мүмкіндік алды. Мартин Экстрим оларды өз академиясына шақырып отыр. Ал Ли Минцян Гонконгтегі 3 концертіне 3 қатысушыны шақырды. Қазақстан осындай концерттерді өткізуге мүмкіндік береді. Кейін біз оларды жазғы шығармашылық мектепке шақырамыз. 

А. Бектас