Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел президенті ретінде еріктілер қозғалысын қолдайтын боламын – Қ. Тоқаев

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2019
  • 3629

«2020 жыл – «Еріктілер қозғалысын қолдау жылы» болуы мүмкін. Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған ел Президенті «Қазақстан-Ресей» жастарының халықаралық форумына қатысты. Қос елдің белсенді жастары бас қосқан алқалы жиын жаңадан ашылған «Жастар сарайында» өтті. Әуелі өңірдің өрелі жастары Президентке өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Елде екі жүзден астам еріктілер ұйымы тіркелген. Оларда 3 мыңнан астам ерікті жас бар. Ел президенті үкімет пен әкімдіктерге жастар қозғалысын қолдауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау туралы ұсыныс білдірді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Еріктілерді дайындайтын оқу орталықтарын ашу керек. Сауатты ақпарттық саясатты қолдана отырып, әлеуметтік желілерде инфрақұрылымдар құрылу қажет. Бұл өте маңызды. Менің байқағаным көптеген игі бастамалар мен волонтерлық әлеуметтік жобалар әлеуметтік желілерде туындайды. Біз соларға бірден назар аударып қолдан келгенше қолдау көрсеткеніміз жөн.

З. Санай