Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде бір ғана «Еркін экономикалық аймақ» өз бетінше күн көріп отыр - А. Мамин

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2019
  • 5468

Елде бір ғана «Еркін экономикалық аймақ» өз бетінше күн көріп отыр. Қалғандары әлі де бюджет қаражатына тәуелді.  Осылай деген Премьер-министр Асқар Мамин тиісті министрлікке күзге дейін «Еркін экономикалық аймақтарды» дамытудың жаңа схемасын ойлап табуды тапсырды. Үкімет отырысында ол өңірлердегі басқарушы компаниялардың тиімсіз жұмыс істеп жатқанын айтты. Сондықтан шетелдіктерді тартуға тапсырма берді. Ол үшін, бір терезе жүйесін іске қосу қажеттігін ескертті. Ал әкімдер тек жоғары технологиялы өндірістің іске қосылуын, экспортқа жарамды тауар өндіруін қамтамасыз етуі тиіс. 

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары, Павлодар мен Алматы облыстары арнайы экономикалық аймақтарды басқару бойынша тиімді жұмысты ұйымдастырғанын атап өткім келеді. Мысалы «Оңтүстік» индустриалды аймағында әрбір бюджеттік теңгеге 15,5 теңге, ал Павлодарда 12,3 теңге жеке инвестиция тартылды. 

Қазір Қазақстанда 12 еркін экономикалық аймақ бар. Онда 2002-2019 жылдар ішінде 183 жоба іске асты. 46-сы шет елдіктердің қатысуымен. Ал инфрақұрылым тартуға 314 млрд теңге жұмсалды. 2021 жылға дейін осы аймақтарда 2,5 трлн соммаға 318 жоба іске қосу жоспарланған. 

А. Сейфулла