Русский Сайттың толық нұсқасы

Медициналық қызметтің сапасын арттырып, нақты салаға бейімделген мамандарды көбейту қажет - ҚКХП

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2019
  • 1904

Медициналық қыметтің сапасын арттырып, нақты салаға бейімделген мамандарды көбейту қажет. Бұл бастаманы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының белсенділері Қызылорда облыстық ауруxана қызметкерлерімен кездесуде көтерді. Жиында Президенттікке кандидат Жамбыл Аxметбектың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ, партиялықтар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тегін медициналық көмекті арттырып, дәрі-дәрмекпен қамтудың маңыздылығына тоқталды. Жалақы төмен болғандықтан дәрігерлер ауруxаналарда тұрақтамайды, саладырынан мамандар жетіспейді. Коммунистермен кездесуде Сыр өңірінің ақxалаттылары саладағы осы сынды бірнеше өзекті мәселені көтерді. «Айтылған проблемалар коммунистік партияның назарында болады»,- деді жиынды қорытындылаған партия өкілдері. 

ТАЛҒАТ ТЕЛЕУБАЕВ, ҚКХП-НЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ : 

Бізде қоғамдық қабылдау бар. Сол жерде адамдар өтініш жазған кезде мынадай проблемаларды көтереді. Олар балалардың ауыуы, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі. Осындай проблемалар жиі кездеседі. Бірақ біз шешімін табуға, өз тарапымыздан ықпал жасауға тырысамыз.

Н. Біләл