Русский Сайттың толық нұсқасы

Экологтар Жайық өзенін кім ластағанын анықтады

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 3112

Ал Оралдық экологтар Жайық өзенінің суын кім ластағанын анықтады. Чапаев затонының аумағына мұнай төккен екі компания енді 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Қос кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін де айыпталып отыр. 

Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ, БҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ :

«Эсторал» серіктестігі және «Қазақстан су жолдары» республикалық мекемесінің оралдық бөлімшесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы екі фирманың Чапаев затоны аумағындағы өзен суын мұнай қалдықтарымен ластағаны анықталды. Олар кінәсін мойындап, кепілдік хат жазды, кемшілікті түзеуге уәде берді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 14 сәуірде жергілікті тұрғындар өзен суынан мұнай қалдықтарын байқап, дабыл қаққан еді. Судан жанар-жағармайдың иісі шығатынын айтқан, өзен суының бетіне үлкен майлы дақ жайылған болатын. Осыдан кейін құзырлы органдар тексеру жұмыстарын бастаған. Мамандар суға мұнай төглуі мүмкін деген күдікпен 6 кәсіпорынды тексеріпті. Толық химиялық талдау жасау үшін ластанған аумақтан су мен топырақ сынамалары алынды. Осылайша екі компанияның көрсеткіштері қалыпты мөлшерден жоғары екендігін анықтады. 

Е. Карин