Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркия мен Нидерланд арасында дипломатиялық дау

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2017
  • 2778

Түркия мен Нидерланд арасында дипломатиялық дау қарқын алып келеді. Голландия премьер-министрі Марк Рютте ел үкіметі атынан Анкарадан кешірім сұрамайтынын мәлімдеді. Алайда, осыған қарамастан, екі ел арасындағы қолайсыз жағдайдың реттелерінен үмітті, деп хабарлайды Рейтерс. Қалай болғанда да, дауды тоқтату оңай болмайтын түрі бар.

Алдымен, нидерланд үкіметі Роттердамда Түркия сыртқы істер министрі мінген ұшақтың қонуына рұқсат бермеді. Мевлют Чавуш-оглу түрік диаспорасын үгіттеуге ниеттенген. Әңгіме президент өкілеттігін кеңейту бойынша Конституцияға өзгерту енгізуге қатысты. Артынша шахар полицейлері Түркия консулдығына тағы бір шенеунік мінген көлікті жібермей қойған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА