Русский Сайттың толық нұсқасы

Д.Еспаеваның сайлауалды штабы бас қаладағы вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесті

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 2066

Отандық ірі кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істеуі үшін бизнеске қолайлы орта қалыптастыру қажет. Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның сайлауалды штабы жетекшісі Азат Перуашев осылай деді. Үгіт-насихат тобы бас қаладағы вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесіп, ірі бизнес нысандарын қолдауға қатысты жайттарды талқылады. Әдеттегідей, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды. Ақмола вагон жөндеу зауыты - елдегі машина құрылысы саласындағы бірден-бір мамандандырылған кәсіпорын. 75 жылдан астам тарихы бар. Зауытта 400-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Олар жылына 3 мыңға тарта вагонды жөндеуден өткізеді. Сондай-ақ, мұнда оған қажетті бөлшектер де жасалады. 

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Д.ЕСПАЕВАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ :

Мемлекеттік сатып алуда ұлттық компаниялар болсын , шетелдік инвесторларға болсын отанды өнім өндірушілерге преференцияларды кеңейту керек. Бұл сатып алу тендері бойынша, біз ең алдымен отандық өнім өндірушілерге артықшылық беруіміз керек. 

Д. Қайыртай