Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға несие алуға жеңілдік беру қажет - ҚР Президенттігіне кандидат Ж. Ахметбеков

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 2377

Мүмкіндігі шектеулі жандарға несие алуға жеңілдік беріп, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау керек. Сыр өңірінің «Талсуат» оңалту орталығына барған кандидат Жамбыл Ахметбеков осындай бастама көтерді. 150 орынға шақталған орталықта емделушілерге медициналық қызметпен қатар, 7 бағыт бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оларға бос уақытында дене шынықтырумен, сурет салумен айналысуға да жағдай жасалған. Сыр өңіріне келген Коммунистік партия кандидаты орталықты аралап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сайлау бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ партияның бағытын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Алдағы уақытта Қазақстанды дамуға алып келе жатқаннан кейін тек қана қаражат мәселесі, жалақыны ғана көтеру емес, мүгедектердің несие алу жағдайына жеңілдік жасаса екен. Олардың кәсіпкерлікпен айналысуына, бизнес ашуына мүмкіншілік жасаса екен деген ойдарды жиналыстан кейін де, жиналыстың өзінде де айтылып өтті. 

Ә. Өмірзақ