Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә. Қосанов Қостанай жұртшылығымен кездесті

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2019
  • 2756

Президенттікке тағы бір үміткер - Әміржан Қосанов Қостанай өңіріне барды. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түскен кандидат бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласындағы сайлаушыларымен кездескен еді. Қостанайлықтарға саяси платформасы жайлы баяндаған Қосанов өңірдің Ресейге жақын орналасқанына назар аударды. Заречный елді мекені тұрғындарының саны 10 мыңға жуық. Жеке кәсібін дөңгелетіп, мал шаруашылығымен айналысатындар да аз емес. Сондықтан жиында аймақтарды дамыту мәселесі сөз болды. Жергілікті штаб жетекшісінің айтуынша, Тобыл-Торғай өңірінің саяси науқанға қызығушылығы артып келеді. 

ӘМІРЖАН ҚОСАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Солтүстік өңірлерді аралауымыздың ішінде бізде аңыз бар. Яғни солтүстік өңірде ұлттық құндылықтар, қазақ тілі туралы мәселе белгілі бір дәрежеде дұрыс қабылданып жатқан жоқ деген. Ол жаққа барудың қажеті жоқ деген әңгіме бар. Біз, керісінше, сол ағайынға келіп, олардың ішінде ана тілін білмейтін қазақтар да бар, оның ішінде басқа ұлт өкілдері бар, сол құндылықтарды айтып, сол тілде жеткізіп жатырмыз.  

Е. Карин