Русский Сайттың толық нұсқасы

Д. Еспаева Ақмола облысында кәсіпкер әйелдермен жүздесті

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2019
  • 1877

«Ақ жол» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Дәния Еспаеваның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Бүгін олар Ақмола облысының Шортанды ауданында кәсіпкер әйелдермен, яғни сайлаушылармен кездесті. Сөйтсек, бұл аудандағы кәсіпкерлердің 40 проценті әйелдер екен. Жалпы мұнда 1500-ге тарта шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Президенттіктен үмітті Дәния Еспаева Научный кентінінің тұрғындарымен де кездесті. Оларға сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Бизнес иелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, маңызды мәселелерге де тоқталды. 

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Менің бағдарламам шағын және орта бизнесті дамытуға арналған. Қызығушылық тапты деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін бұдан да басқа салық жағынан екінші несие жағынан мөлшерлерін төмендету керек. Ол біріншіден. Екіншіден шағын бизнесті дамыту үшін біз тек қана салық емес одан да басқа мәселелерді шешуіміз керек. Оларға шенеуніктер жағынан да кедергілер бар. Осыны дұрыстап қарау керек. Осыны жою керек. 

Д. Қайыртай