Русский Сайттың толық нұсқасы

Келесі жылы АҚШ-та өтетін сайлауда Трамп жеңіске жетеді - Д.Трамптың бұрынғы кеңесшісі

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2019
  • 3916

Келесі жылы АҚШ-та өтетін Президент сайлауында Дональд Трамп тағы да жеңіске жетеді. Ақ Үйдің бұрынғы стратегиялық сарапшысы Стив Бэннон бүгін Алматыда осылай деп мәлімдеді. Спикер Еуразиялық медиа форумның екінші күні пікір сайыс алаңына шықты. АҚШ-тың 46-шы президентін қайта сайлауға Огайо, Висконсин, Айова және Пенсильвания штаттары әзір дейді. Алғашқы саяси науқан кезінде Трампты осы аймақтар қолдаған болатын. АҚШ-та Президент сайлауы 2020 жылы 3 қарашада өтеді. 

Стив БЭННОН, Д. ТАРМП САЙЛАУ АЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ЖЕТЕКШІСІ :

Әрине, 2020 жылғы сайлау біздің команда үшін сын сағаты болады. Бірақ сәттілік біздің жақта екеніне сенімдіміз. Пенсильвания мен Огайо электораты үшін күрес болады. Егер Трамп демократтармен келісімге келсе, ұстанған саясатында жеңіске жетер еді. Бірақ бәсекелстік жоғары деңгейде болады.

Стив Бэннон Қытаймен арадағы экономикалық «соғыс»-қа қатысты да пікір білдірді. Алдағы уақытта екі держава арасында текетірес өрши түседі дейді. Ол өзгелерге де салқынын тигізеді. Тіпті экономикалық соғыс соңы әскери күш қолдануға да әкелуі мүмкін дейді сарапшы.