Русский Сайттың толық нұсқасы

Италиядағы 2 қазақстандық арнайы ұшақпен қайтарылмақ

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2019
  • 2547

Италияда жол апатынан зардап шеккен 2 қазақстандық арнайы ұшақпен елге қайтарылады. Қазір тараптар осыған қатысты ортақ келіссөздер жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғадан ауыр жарақат алған 2 азаматша әлі сондағы ауруханада. Сыртқы істер министрлігі олардың жағдайы орташа екенін айтады. Ал қалған қазақстандықтар 26 мамырда саяхат аяқталған соң елге оралған.  

Айбек СМАДИЯРОВ, СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Туыстары жанында. Біздің консулдық барлық көмекті көрсетіп жатыр. Кеше ғана италиялық дәрігерлердің диагнозын алдық. Енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, арнайы ұшақ жіберу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Егер дәрігерлер екеуі де ұшаққа жарамды десе, онда жақын арада 2 азаматшаны Қазақстанға жеткіземіз.

Еске салайық, Италияның Сиена провинциясында 60 турист мінген автобус аударылып, Ресейдің бір азаматы қаза тапқан еді. Апатқа ұшыраған көлікте 9 қазақстандық болған. Оның екеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

А. Бектас