Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтар құстың саңғырығына тұншығып отыр

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2019
  • 2601

Орал қаласының іргесіндегі ауыл тұрғындары сасық иіске тұншығып отыр. Бұл елді мекеннің түбінде құс фабрикасы орналасқан. Ондағы тауық саңғырығы сыртқа шығарылғанда ауаға тараған жағымсыз иіс қолқаны қабады. Қазір бұл аумақта он мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындардың сөзінше, құс фабрикасынан тасылған нәжіс жолдың жанына төгіледі. Олар құс саңғырығын ашық жерге төкпеуді талап етіп отыр. Ал құс фабрикасының басшылығы тұрғындарға қалдықтарды жерге тыңайтқыш ретінде төгуге рұқсат алғанын жеткізіпті. Бірақ бірнеше жыл бойы күндіз-түні сасық иіске тұншыққан тұрғындар мұнымен келіспей отыр.    

Тыныштыбай ЕРҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Фабриканың директоры келіп, орыс азаматы екен. Оның айтқаны: «Біз жерді сатып алдық, осы жерге төгуге біздің құқығымыз бар» - дейді. Енді бұл фабрика салынған уақытта қай жерге апарып төгетіні өзінің келісімшартында бар ма? Ол кезде халық тұрмағасын, осы жерге төгуге рұқсат берген шығар?

Кәсіпорын директорының сөзінше, бұл даудың басталғанына 15 жылдан асыпты. Бірақ қазір шешіліп жатыр. Құс саңғырығының сасық иісін «жұмсарту» үшін енді экобактор препараты қолданылмақ.  

Степан СИРОТКИН, ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Қала әкімі керексіз қалдықтарды төгетін орынды осы аумақтан әріге төгуге келісті. Осылайша бір шақырым жер әріден арнайы жер телімін берді. Қазір осы аумақты өзімізге лайықтап, өңдеп жатырмыз.

Е. Карин