Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәния Еспаева зауыт жұмысшыларымен кездесті

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2019
  • 2113

Тендер кезінде шетелдік және отандық компанияларға қойылатын талап бірдей болу керек. Президенттікке кандидат Дәния Еспаева Петропавлда ауыр машина жасау зауытының жұмысшыларымен өнеркәсіптің өзекті мәселелерін талқылады. Үміткер мекеменің мемлекеттік сатып алуда кезігетін кедергілерін реттеу керектігін айтты. 60 жылдық тарихы бар зауытта мыңнан аса адам еңбек етеді. Мұнай-газ, химия, энергетика, теміржол салаларына қажетті 100-ден аса қондырғы мен жабдықтар шығарады. Кәсіпорынның қайта жаңғыртылуына бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген. Осындай ірі кешендерді толық қуатында пайдалану - кандидат Еспаеваның тұғырнамасындағы басты бағыттардың бірі.  

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:  

Бұл зауыт шетелден келген компаниялардың тендеріне қатысады. Бірақ та тендерге қатысқанда шетелдік компаниялардың жоспарымен қатысады. Меніңше шетелдік компаниялар мен мемлекеттіктің талаптары бір-бірімен сәйкес келу керек.

А.Сейфулла