Русский Сайттың толық нұсқасы

"Оңалту және банкрот туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2019
  • 2619

Бүгінде 4 мыңға жуық бизнес субъектісі банкроттық рәсімнен өтіп жатыр. Ал 400 кәсіпорын оңалту кезеңінде. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді. Қолданыстағы заң кәсіпкерлерге сәтсіз бизнесті тез жабуға мүмкіндік бермейді. Әрбір төртінші жағдайда сот борышкерді банкрот деп танудан бас тартады. Сотқа субъектінің қаржылық жағдайына объективті баға беруі қиын, - дейді вице-министр. Ол мәжілісмендерге оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдірудегі өзгерістер туралы заң жобасын таныстырған болатын.  

Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ , ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Біріншіден, оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін шарттарды жеңілдету ескерілген. Заң жобасы үш айдан астам орындалмаған міндеттемелері және оң балансы болған кезде оңалту рәсімін қолдану ұсынылады. Өз кезегінде егер өтініш берген күні субъекті дәрменсіздігінің куәсі ретінде теріс баланс фактісі анықталатын болса, сот кәсіпорынды банкрот деп жариялай алады. Осылайша, белгісіздік жойылып, оңалту және банкроттық рәсімдеріне кіру жеңілдетіледі. 

Мәжілісмендер заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағанымен, екінші оқылымға дейін оны жетілдіруді тапсырды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин құжаттың бірқатар кемші тұстарын айтып, вице-министрдің бетіне басты.   

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бүгінгі сіздер ұсынып отырған мына нормалар қабылданса, ертең бір де бір азамат бизнес жасауға бармайды. Қорқатын болады. Себебі, қандай да бір жағдай болса, сіздер ұсынған норма бойынша олар біледі ертең барлық дүниесінен айырылып қалуы мүмкін. Поэтому прошу вас рассмотрите до второго чтения. 

Н. Біләл