Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар 4 айда 200 млрд теңге несие алған

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2019
  • 2790

Елде ипотекалық несие бойынша рекорд орнатылды. Қазақстандықтар тек соңғы 4 айда ғана 200 млрд теңге көлемінде қарыз алған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады. Қазіргі уақытта ипотека нарығы көбіне баспана алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында қарқынды дамып жатыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 55,7 пайызға өскен. 2018 жылы жалпы құны 525 млрд теңге болатын ипотекалық несие берілген. Бұл алдынғы жылдармен салыстырғанда 2 есеге көп. Мамандар халықтың ипотекаға жүгінуінің артуын пайыздық мөлшерлеменің төмендеуімен байланыстырып отыр. Мәселен, екінші деңгейлі банктерде бұл мөлшерлеме былтырға дейін 10,5 пайызды құраса, биыл ол 8,1 пайыз. 

Н. Біләл