Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда мұрағаттық қылмыстық істер көрмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2019
  • 2212

Қостанай облыстық полиция департаментінде ерекше көрме ашылды. Оған арнайы мемлекеттік мұрағатта сақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарының қылмыстық істері қойылды. Департамент мұрағатында заңсыз сотталғандар мен кейін ақталған адамдарға қатысты 3 мыңнан астам қылмыстық іс сақталған. Көпшілік назарына солардың бір бөлігі ұсынылып отыр. Музей қызметкерінің айтуынша, жазықсыз жапа шеккендердің көбісі антисоветтік насихат үшін жазаға тартылған. Мәселен, 73 жастағы молданы 25 жылға бас бостындығынан айырған. Арасында анекдот айтқаны үшін айыпталғандары да бар. Қазақстанға жер аударылған кәріс қауымы да сұрапыл биліктің сынағына ілікті. Отыз адамның тегі «Ким» болғаны үшін жауапқа тартылып, «жапон тыңшысы» деген айдар тағып, абақтыға қамалған. Қарапайым колхоз тұрғындары да көп репрессияға ұшыраған. Департамент дерегі бойынша Қостанай облысында 6 мыңнан астам адам ақталған. 

Нәзира ЦЫМБАЛЮК, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ МУЗЕЙІНІҢ САҚТАУШЫСЫ:

Заңсыз сотталғандар арасында дін қызметкерлері, молдалар мен атқарушы комитеттің хатшылары бар. Қарапайым колхоз адамдары да жазықсыз жапа шеккен. Оларды тұтқындап, төрт-түлігін тартып алған.

З. Санай