Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатқандар бар

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2019
  • 2783

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алу үшін әдейі айырылысып жатқан отбасылар бар. Аудандық сот судьялардың айтуынша мемлекеттен берілетін жәрдем ақшаға қол жеткізу үшін азаматтар осындай қулыққа барып жатыр. Сотқа арызданатындар өздері толық емес отбасы болғанда баспана мен арнайы қаражатқа қолдары кедергісіз жетеді деп санайтын көрінеді. Сондықтан сотқа жүгінушілер жиілеген. Бұрындары саусақпен санарлық болған неке бұзу, әкелікті даулап, баласынан бас тарту сынды арыздар қазір аптасына он бестен асып жығылатын болыпты. Отбасы бүтіндігіне алаңдаған сот саласындағылар енді өзіміз жұмыспен қамту орталығының қызметін қоса атқарып отырмыз дейді. Яғни жәрдемақылардың кімдерге тиесілі екенін тәптіштеп түсіндіріп, мүмкіндігінше өтінішті қанағаттындырмай қайтарып жатқанын жеткізді. 

Қайрат ІЗБАСАРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Азаматтар сөзінің арасында айтып қалады «осындай көмек көрсетіліп жатыр, сол көмекті алу мақсатында сотқа жүгініп отырмыз» деп. Енді біздің тарапымыздан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бір азаматтар бар, олар түсінеді оны, арызын қайта алып кетеді соттан. Арызынан бас тартады. Ал бір азаматтар бар істі негізінен, арызды негізінен сотта қарап шешім қабылдауды талап етіп отыратындар.

А. Төребекқызы