Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық диқандар соя өндірісін ұлғайтып, Қытай нарығын қамтымақ

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2019
  • 2330

Қызылжарлық диқандар соя өндірісін ұлғайтып, Қытай нарығын қамтымақ. Былтыр өңір шаруалары аталған дақылды небары 5 мың гектар жерге еккен. Оның көлемін арттыру үшін ауыл шаруашылығы министрлігі «Солтүстіктің соясы» атты арнайы бағдарлама әзірледі. Бұл жобаның аясында кәсіпкерлер шетелден элиталы дәндер сатып алып, қазір ірі тұқым қорын дайындап жатыр. Себебі, келесі жылы өндіріс көлемін бірден 10 есеге арттыру жоспарланып отыр. Биліктің сояға басымдық беріп жатқаны кездейсоқ емес. Бұл дақыл май, сүт, ет және жем-азық өндірісінде кеңінен қолданылады. Бүгінде өнімге Қытай тарапынан үлкен сұраныс бар. Көрші ел бір жылда сояның үш миллион тоннасын қымбат бағамен алуға дайын. Сондықтан жергілікті диқандар ішкі нарықтан бөлек, өнімді экспортқа шығаруды көздеп отыр.   

Наргиз АҚЖІГІТОВА, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сояның ішкі бағасы шамамен тоннасы 165-170 мыңдай болса, экспорттағы бағасын 200 мың теңгеге дейін жеткізу мүмкіндігі болып тұр. Биыл соя алқабын 15 мың гектарға себетін болсақ, 2020 жылы оның көлемін 150 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

А. Құрманкин