Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Тоқаевтың үгіт-насихат тобы Алматы қаласында

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2019
  • 2591

Лайықты жұмысына қарай әділ жалақы! Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында қарапайым халықтың тұрмысын жақсарту үшін жұмыс орындары ашылатынын жеткізді. Бүгін үгіт-насихат тобы Алматы қаласында. Алып шаһарда шамамен 200 мыңға жуық кәсіпкер бар десек, дені мемлекеттік қолдау арқасында жұмыстарын бір жүйеге түсірген. Осы оң үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені Тоқаев бизнес үшін несие қолжетімді болатынын да айтқан. Ол шағын және орта кәсіпкерлік үлесін 30%-ға жеткізу үшін күш салмақ.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Әділдік дегеніміз – барлық азаматтардың заңның алдында теңдегі. Ешкім заңнан жоғары емес. Жұмысшы болсын, ауыл тұрғыны болсын, әкім болсын, министр болсын, премьер болсын, президент болсын заң алдында бәрі бірдей деп Қасым-Жомарт Кемелұлы осыны нақты айтып, бағдарламасына заңның үстемдегі туралы қағиданы енгізіп отыр.

М. Дюсекина