Атыраудағы бюджеттік сала қызметкерлері жалақыны теңдестіруді талап етті. Олар мұнай-газ компанияларындағы жұмысшыларға қарағанда бірнеше есе аз жалақы алады. Аймаққа барған Амангелді Таспиховке тұрғындар осындай өтініш айтып отыр. Президенттікке кандидат еңбекақы теңсіздігін түзету мәселесін кәсіподақпен бірлесіп шешу қажет, дейді. Қазір Атыраудағы кәсіподақ ұйымының 70 пайызын бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Ауылшаруашылығы мамандарының да еңбекақысы мардымсыз. Бекіре балығын өсіру зауытындағылар 60-70 мың теңгеге жұмыс істейді. Тіпті еңбекақының аздығынан бұл салаға жастар да қызықпайтын көрінеді.
Амангелді ТАСПИХОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:
Бұл жұмыстар деген өте кәсіптік мамандықты талап ететін мәселе. Екінің бірі мұндай жұмысты істей алмайды. Сондай сала мамандары. Сондай қажетті мамандар үшін әрине әділетсіздік. Еңбектену оңай емес. Сондықтан әділетсіздік айырмашылықты жою керек.
А. Бектас