Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы 5 жылда қазақстандық 263 атлет допингпен ұсталған

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2019
  • 2156

Допингпен ұсталғандардың басым бөлігі кәмелет жасқа толмаған спортшылар. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов мәлімдеді. Соңғы 5 жылда қазақстандық 263 атлет тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданып ұсталған. Енді Министрлік мұндай спортшыларға жазаны күшейтпек. Егер спортшылар допингпен ұсталса, онда оларға мемлекеттен алынған ақша мен пәтерлерді қайтаруға тура келеді. Заңға өзгерістерді енгізуді қолға алған шенеуніктер спортта жоғары дәрежеге жеткен Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенгендігін айтып отыр.  

Елдос РАМАЗАНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл өзгертулерді ұсынбастан бұрын спортта үлкен дәрежеге жеткен елдерді зерттедік. Біз тек спортшының өзін ғана емес, оның жаттықтырушысын, командасындағы өзге де мамандарды да әкімшілік жауапкершілікке тартуды қөздеп отырмыз. 

Ә. Өмірзақ