Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Алматыда

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2019
  • 1737

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы қаласының дәрігерлерімен кездесті. Партия өкілдері цифрлық медицинаны дамыту міндеті тұрғанына назар аударып, саланың ғылыми тұрғыда алға басуына мүмкіндік жасалатынын айтты. Үміткерді қолдаушы 5000 адам бүгін "Халық аренаға" жиналды. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын жоғары бағалап отыр. Әсіресе, әлеуметтік салаға басымдық беруі мұндағы жұрттың көңілінен шыққан. Президенттікке кандидат білім және ғылым жүйесіне жұмсалатын қаржыны да жоспарға сай жыл сайын өсіріп отыруға уәде берген.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өрлеу дегеніміз – әрбір қазақстандықты, егер де баспана мәселесі шешілмесе, кезең-кезеңімен баспанамен қамтамасыз ету. Сондықтан біздің кандидатымыз алдағы жылдары 650 000 қазақстандық отбасын баспанамен қамтамасыз етеміз деген уәдесі беріп отыр. Көпбалала ата-аналарға мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жалға берілетін пәтерлер салынатын болады. Осының барлығы өрлеудің көрінісі.

Д. Қайыртай