Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә.Қосановтың сайлауалды сапары Керекуде жалғасты

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2019
  • 1923

Аймақтарды дамытып, халықтың әлеуетін арттыруды көздейтін Әміржан Қосанов Ертістің сол жағалауындағы Ақсу қаласына барды. Павлодар облысындағы бұл кентте қос алып өнеркәсіп бар. Кандидатпен кездесуге келгендердің дені зауыттағы еңбек адамдары. Олар «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінен сайлауға қатысқан үміткердің тұғырнамасымен танысты. Тұрғындар кандидаттан жұмысшы мәртебесін көтеріп, өңірді дамытуға басымдық беруін сұрады. Енді тура бір аптадан соң үгіт-насихат жұмыстарына берілген уақыт аяқталады. Үміткердің штаб өкілдері тағы бірнеше үгіттеу шарасын ұйымдастырмақ. Ал Әміржан Қосановтың сайлауалды сапары енді басқа өңірлерде жалғасады.  

Әміржан ҚОСАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Павлодар өңірі индустриалды-өнеркәсіптік өңір ғой. Сондықтан мұнда біршама жұмыспен қамту, әлеуметтік шешілген. Өйткені экономикалық әлеует бар. Мәселен, мұғалімдердің, ұстаздардың миссиясы мен ролі туралы, олардың қазіргі жағдайы туралы өте көп сұрақтар қойылды.

А. Бектас