Русский Сайттың толық нұсқасы

Кандидат Аманкелді Таспихов Маңғыстауда

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2019
  • 2008

Еліміздің батыс өңірлерінде бюджеттік сала мамандары жетіспейді. Айлығы аз жұмысқа жастар барғысы келмейді. Президенттікке кандидат Амангелді Таспиховтың Маңғыстау облысы сайлаушыларымен кездесуінде еңбекақы проблемасы тақыланды. Ақтаудағы бюджеттік жұмысшылардың жалақысы мұнай-газ компанияларының қызметкерлерінен 11 есе аз. Ал маман тапшылығындағы мемлекеттік бағдарламалар нәтижесіз деп отыр. Қазақстандағы кәсіпорындардың 42 пайызында ғана ұжымдық келісім бар. Сондықтан еңбек даулары да азаймай тұр. Амангелді Таспихов сырттан жұмысшы тарта бермей, өзіміз сапалы мамандарды дайындауымыз керек деген пікірде. 

Аманкелді ТАСПИХОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Инвестицияның көлемінен жыл сайын 1 процентті ұлттық кадрларды дайындау керек.Бөлініп те жатыр. Бірақ ең көп жағдайда. Әлі күнге дейін шетел мамандарының үлесі үстем болып отыр. Олай болмау керек. Ұлттық мамандар солардың орнын басу керек. Соған әлдеқашан талап қою керек еді. Шетелдік мамандарды кіргізбеу керек. Өзіміздің мамандар жеткілікті. Көпшілік жерде жеткілікті бола тұрып әкеліп жатар, басқа жақтан. Ол тіпті ешқандай ақылға сыймайтын нәрсе.

А. Сейфулла