Русский Сайттың толық нұсқасы

АИ-95 маркалы бензин нарыққа келер аптада шығарылады

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2017
  • 2706

Энергетика министрі осы айдың аяғына дейін келетін АИ-92 маркалы импорттық бензин ғана тапшылықты жоятынын айтады. Ал келер аптадан бастап жоғары октанды АИ-95 бензині нарыққа шығарылмақ. Қанат Бозымбаевтың бұл сөзін Тенгриньюс хабарлады.

Модернизациядан өткен Павлодар мұнай өңдеу зауыты бүгін іске кіріскен. 3 күннен соң толық қуатта жұмыс істеп, өндірісті арттырмақ. Қарашада тұтыну көлемі 270-280 мың тоннаны құраса, біразын отандық мұнай өңдеу зауыттарының өнімімен жабылмақ. Бұған дейін АИ-92 жанармайының тапшылығын жою үшін АИ-95 маркалы бензин өндірісі азайтылған еді.