Русский Сайттың толық нұсқасы

Д. Ахметов ШҚО аудандарындағы жер қытайлықтарға сатылмағанын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2019
  • 2148

Жалған және жала. Қытайлықтарға жер сатылды деген әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі осылай деп мәлімдеді. Мәселеге нүкте қою үшін Даниал Ахметов арнайы брифинг өткізді. Әлеуметтік желілерде Үржар, Күршім, Жарма ауданындағы ауыл шаруашылығы жерлері қытайлық бизнесмендерге сатылды деген алып-қашпа әңгіме тарады. Өңір басшысы осыған қатысты тексеріс жүргізген. Әкімнің айтуынша, ақпаратты таратқандар қателескендерін мойындаған. 

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Мен әкім ретінде ресми түрде осы аудандарда бір метр жер де қытайлықтарға берілмегенін мәлімдеймін. Сіздер бідлесіздер, 2016 жылдан 6 мамырдан бері Қазақстанның алғашқы президентінің жарлығымен шетелдікке және шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларға жер сатуға мараторий жарияланған. Мораторий жарияланбай тұрып, 2015 жылы 20 қазанда Бесқарағай ауданында байқау нәтижесі бойынша бір шетелдік компания 14 800 гектар жерді 10 жылға уақытша жалға алған. 

Г. Меңдеева