Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тендершілердің» кендір жібі... Бизнес-омбудсменмен сұхбат

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2019
  • 2845

Президент шағын және орта бизнесті, қарапайым заттар экономикасын дамытуға ерекше пәрмен берді. Соңғысына 600 млрд теңге бөлу жоспары бар, бірақ осы уақытқа дейін банктер 28 –ақ жобаны мақұлдаған. Құны қанша дейсіз бе? Бар-жоғы 13 млрд теңге... Бизнес омбудсмен Болат Палымбетовпен сұхбаттастық. «Атқарушы билік тендерлік комиссияларға қоғам өкілдерін, кәсіпкерлердің өздерін кіргізбей отыр...», деді. «Тендершілердің» комиссияларын «кендір жіппен» байлап тастағандарын, оңайлықпен үздірмейтінін білеміз. Жемсау... Ал «өз күнімді өзім көрем, тек жарқыным, тиіспеші!» дейтін азаматтарды бағалайтын уақыт туа ма?   

- Болат Абылқасымұлы, президент осы аптада мынадай сан айтты: Біздің мемлекетімізде шешілген етін, 600 млрд тг бөлінеді. Қарапайым айтқанда «қарапайым заттар экономикасына», - деп. Ал қазіргі жағдайды сараласа, 28 жоба ғана мақұлданған, 13-ақ млрд теңгенің. Бұны естіп, оқып, шыны керек, жұмсартып айтқанда таң қаласың. Неге аз?

Болат ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:  

Бұл шынын айтқанда... бұл сұрақтарды банктерге қою керек. Өзінің процедурасы бар ғой. Мен қазір оларды жақтап жатқан жоқпын, мысал айтып жатырмын. Әрқайсысы өзінің жобасын бергенде, бизнес жобасын, оның бір қатесі бар шығар, маркетинг дұрыс жасалған жоқ шығар...   

- Бірақ бюрократиядан болуы мүмкін бе? 

Ол да мүмкін. Бұндай нәрсе болмаған нәрсе, қаншама қаражат бөлініп жатқаны. Оған дайын отыру керек қой.  

- Жарайды, онда былай сұрайын. Ал кәсіпкерлердің өздері қандай мәселелер бойынша жиі шағымданады, арыз айтады. Не қинап отыр оларды?   

Болат ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:  

Ең бірінші банкінің кредиті қиындау. Қазір өте қиын алу, алса да оның прценттері жоғары тұр. Ол бірінші мәселе, екінші сұрақтар бұл жер мәселе. Жер бергенде ешкім білмейді, кімге және қашан бергенін. Аукцион арқылы беруі керек, екінші - ай сайын әкімшілік газетке ме, салып, жариялап отыруы керек. Үшінші - көп нәрсе бізде қазір цифровизация дейді, сол. 

- Біздегі мемлекеттік сатып алуларға байланысты. Президенттің айтуынша, бізде 34 процент қана отандық өндірушілер алады екен, мемлекеттік сатып алуларда. Бұл өте аз деді де, мынадай сөйлем айтты: Коррупциялық тәуекелдер жоғары, деп. Осыған байланысты не айтасыз? 

Болат ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:  

Енді ол өте дұрыс. Бізде мемлекет берген тендер бойынша ол жерде контакті болғасын коррупция болуы мүмкін. Комиссия арқылы жасап жатыр ғой барлығын. Бірақ ол жерде 50 пайыз ченовниктер болуы керек, 50 пайыз кәдімгі НПО-ның... депутаттар, қоғам өкілдері, бизнесмендер, кәсіпкерлер сонда отыруы керек. Ол бір, екінші бәрі ашық болуы керк. Үшінші жаңа жасап жатқан нәрсені автоматизациялау қажет. Госзакупка бүгін Президент айтқандай, коррупция жағдайы өте жоғары жер.

- Болат Абылқасымұлы, біз білеміз дамыған Еуропа елдерінің мықты болатынының бір себебі деп айтайық, бір факторы - шағын және орта бизнестің дамығанына байланысты, иә? Сондай мемлекеттердің мызғымайтыны, ондай мемлекеттерді еш нәрсе шайқалта қоймайтыны анық дүние. Сондай жасау біздің қолымыздан келе ме? Солай бола ма бізде? 

Болат ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:  

Болады, әрине болады. Біздің бүгін Қазақстанда 1 миллионнан да көп жаңағы шағын және орта бизнестің өкілдері (- бұл аз ғой) Бұл аз. Біздің экономика бойынша 28 пайыз. Қазір ең бірінші ауданның әкімдері, қаланың әкімдері, облыстың әкімдері ең бірінші өзіміздің шағын-орта бизнеске жағдай жасауы керек. Ол не деген сөз? Ол ең бірінші инфрақұрылым. Мысалы мен түсінбеймін, бізде инвестор деп оны қорғаймыз, артынан жүгіреміз... Ал мына кішкентай ауылда шаштараз ашамын десе, бір СТО ашамын десе ол жер алу үшін, рұқсат алу үшін қанша жүгіреді. (-шашы ағарады) Дұрыс айтасыз. Бизнес ашамын десе 1 адам істей ме, мың адам істей ме, оның бәріне көзқарас бірдей болуы керек. Қолдауымыз керек. Соны мен шынын айтқанда түсінбеймін. Кейбір кезде таңғаласың, шағын, орта бизнеспен айналысатын азамат қосымша тағы жер алайын десе, ол деген бір жыл соны күтеді. Бұл не деген сұмдық? (-Сосын ол басқа жолдарын іздей бастайды, иә?) Иә, мысалы ол бірдеме жасайын десе оның артынан жүгіруі керек. Оның жағдайын жасау керек, ол ертең бірдеме ашса да, жұмыс істесе де ертең келіп сұрау керек: Әй, көктетай, сен мынау бастадың, тағы қандай көмек керек? Мүмкін сен тағы бір жерде ашасың ба? Вот соған жетуіміз керек. Біздің мына чиновниктердің жұмысына баға беру үшін енді қарайтын боламыз.

Мысалы, ГЧП дейді мемлекеттің. Ол да бағдарлама ғой біздің Қазақстанда. Мысалығ осы балабақшаға үлкен очередь болған, иә? 80 пайыз шешілді ғой, осы бағдарлама бойынша. Бір ауылдың жігіті осындай бағдарлааға қатысып, жұмыс жасап жатыр да, бірақ бұл ақшаны беру үшін комиссия қарайды. Енді сұрайсыз ғой, бұл комиссияға кім кіреді? Ол комиссияға кәдімгі тек қана шенеуніктер кіреді. Сонда ол айтып отыр - ол ГЧП болғаннан кейін неге кілең мемлекеттің орган қызметкерлері дейді. Неге біз кірмейміз? 50 пайыз болуы керек қой, ГЧП болғаннан кейін.

- Сіздің осы жауабыңыздан кейін бір сұрақ өз-өзінен туады. Жақсы, қазір адамдар түсінді - өз кәсібімен айналысу керек екенін. Тырмысып жатыр. Әжептеуір жетістікке жетіп жатыр. Мың сан проблемаға қарамай. Енді Сіз Вusiness ombudsman болғаннан кейін мемлекеттік органдардағы адамдармен сөйлесесіз. Сол жоғары атқарушы биліктің пайымы, миы, санасы жетті ме өзгеру керектігіне? 

Болат ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:  

Жоқ - деген бір чиновник кедестірген жоқпын. Қолдағанда бәрі қолдайды. Бірақ әрқайсысының кабинеті бөлек қой, кабинетке кіргеннен кейін олардың... кейбірі нәрселерді түсінбеді. Енді, мінезі сондай шығар. Сен менің артымнан жүгір, бір апта ма, бір ай ма, содан кейін жасаймын дегендей... Оны түсінбейді. Бірақ былай қарағанда 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда қазіргі көзқарасы басқа.