Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендегі 5 жыл жаңартылып жатқан көпір. Ресейде жаңа көпірді 2 жылда салып бітірген еді...

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2019
  • 2561

Өскемен тұрғындарының Ертіс көпірінің жаңартылғанын күтіп жүргендеріне, міне, 5 жыл болды. Әсіресе қарбалас сәттердегі кептеліс, тіпті төтенше жағдайларға көндіккен. Әдеттегідей – шүкіршілік. «Мүлде жауып тастамағаны» деп қояды, амал бар ма? Ал көлік ағыны – алапат. Себебі көпір қаланың екі бөлігін жалғайтын өткел. Балама жол бар, бірақ қаланың бір шетінен екінші шетіне жетуді айтсай, ол үшін тағы 30-40 минут керек...  

2016 жылы қарашадамына бейнетүсірілім әлеуметтік желілерде тарап, тіпті халықаралық телеарналардан көрсетілген. Аязда көпірдің сағасы сынып кеткен. Сол кезде ахуалды саралай алмағаны, яғни көпірдің жабық тұрмағаны, жұмысшылардың көпірдің үстінде жұмыс істегені үшін компания басшыларына айыппұл салынды. Бірақ одан бері де үшінші жылға аяқ басты, көпір әлі жаңаланбады. Ал шенділер енді жарты жыл қалғанын айтады.

Бауыржан СҮЛЕЙМЕНОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Все работы выполняются согласно графика. Завершение работ запланировано в конце 19 года.

Айта кетейік, жөндеу басталғалы 5 жыл ішінде көпір айтарлықтай қымбаттаған. Басында 2,5 млрд теңге бөлінген. Сосын 10 млрд 300 млн-ға өсірілген. Енді жөндеу аяқталғасын жол айрықтарын салу керек. Демек тағы ақша қажет. Өскемен тарихында «сақалды құрылыс» болып жазылатын көпірдің сапасы жақсы болуы міндет екенін түсінетін шығар. Айтпақшы, Ресей 19 шақырымдық, бұғаздың үстінен 227 метр биіктікте өтетін жаңа көпірді 2 жылда салып бітірген етін. Ол жерде лас саясат, өлермендік араласқан дегенмен, таза өндірістік тұрғыдан салыстырсақ, жоқ, салыстыруға да келмейді...