Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауылға реформа қажет – кандидат С.Түгел

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2019
  • 2172

Шекара маңындағы ауылдардың бос қалуы ел қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел Ақмола облысына қарасты Қабанбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесуінде осылай мәлімдеді. Бұған жол бермеу үшін ауылдық аймақтарды реформалау қажет. Сонда тіршілік қамымен қалаға сабылғандардың қатары сиреп, жұмыссыздық азаяр еді. Бұл үшін жас отбасыларға үй алу үшін пайызсыз несие беріп, көпбалалы аналардың жәрдемақысын ұлғайту қажет. Ауыл халқының саны аз, сондықтан онда мектеп, жаңа жол салу, ауыз су құбырын жүргізу тиімсіз. Ал ауылды қалпына келтірсек, бұл мәселе өздігінен шешіледі, дейді үміткер.  

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Жаңа ауыл өндірісі дегеніміз ауылға жан бітіріп, ауылдағы жұмыссыздықты жояды. Бізде 2100 ауылдық округ бар. 2100 ауылдық жаңа өндірісін ашу керек. Оның 49 пайызы үкіметте болады, 51 пайызы халықтың қолында болады. Ауылға жайдай жасасақ, біз елге жайдай жасаймыз. Ауылдың маңызы, мәні, статусы өте жоғары.

Е. Карин