Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2019
  • 2328

Теңге бағамы айтарлықтай құбылса, Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, бас банк 3 маусымда ғана кезекті болжамдық раунд өткізіп, базалық мөлшерлемені сол күйінде яғни 9% деңгейінде қалдырған. 

Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Теңгенің айырбас бағамы бірінші кезекте іргелі факторларға, мұнай бағасының өзгеруіне байланысты. Соңғы аптада әлемнің алпауыт елдері арасындағы сауда текетіресінің күшеюі тұрғысында нарықтағы мұнай бағасының тиісті төмендеуі байқалды. Сәйкесінше, көптеген дамушы нарықтардың валюталарына тиісті деңгейде әсер етті. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс та теңге бағамына әсерін тигізеді. Осы орайда аталған бағыттағы жағдайды тыңғылықты бақылап отырмыз. 

Бүгін көкқағаз 384-386 теңгеге сатылып жатыр. Күн санап өсіп барады. Ал мұнайдың баррелі 60-қа түскен. Сәуір айында ғана 72 болатын. Ал Үкімет алдағы үш жылдық бюджетті бекітерде мұнай бағасы - бір барреліне 55 доллар, деп бекіткен болатын. Егер мұнай бағасы одан түсіп кетсе, бюджет қайта қаралады. Кейбір жобаларға бөлінген қаржы қысқартылуы ықтимал.

Н. Біләл