Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп бітіру кешінен қаржы үнемдеуге бола ма?!

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2019
  • 3424

Оқушылар үшін мектеп бітіру кештеріне дайындық жүріп жатыр. Ал осы күндері кешегі оқушылар дүкен аралап, көйлек іздеп, сән салондарына жазылып жатыр. Олардың ата-аналары қандай сыйлық жасасақ деген шаруамен басы қатып жүр. Ивент агенттіктеге салтанатты кеште эстарда жұлдыздарын шақырып беруге тапырыс жиілеген. Тақырыпты тілшіміз тарқатып айтады. 

Қымбат көліктердің тізбегі, бағалық киім-кешек, фото және бейнетүсірілімдер жасау. Қазір осындай сән-салтанаты келіскен қызметті пайдалану сәнге айналған. Дәстүрлі мектеп бітіру кештері әлі басталған жоқ. Бірақ Алматыдағы танымал әскери оқу орнындағы астамдық қоғамның нарзылығын күшейтті. Желіккен жастар әскери форма киіп, қымбат джиптерге мініп көшеге шыққанын болатын. Көп ұзамай «Жас ұлан» әскери мектебінің басшылары қызметтерінен алынған.

Білім және ғылым министрлігі биыл да мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына мектеп қабырғасында қарапайым қоштасу кештерімен шектелуге кеңес берді. Алайда қаладағы ивент агентік мамандары бұған құлақ асқан ешкімді байқамадық дейді. Мұндай мекемлерде ұшақпен қыдырту, шоу-бағдарламалар мен эстарда жұлдыздарын шақыртуға сұраныс жоғары.

Алексей КОЖЕМЯКИН, "EVENT" АГЕНТТІК ДИРЕКТОРЫ:

Бізде жылдан жылға тапсырыс төмендеген емес. Биыл да түрлі қызметке тапрысыс берген мектеп бітірушілер баршылық. Ал қымбат бағаға әртіс жалдау қалыпқа айналды. Баласының мектеп бііру кешіне сыйлық жасағысы келетін ата-аналар аянбайды. Бізден кеш жүргізушісін 1 млн. мен 2 млн. теңге аралығында жалдайды.

Жыл сайын стандарттық кештер мейрамханаларда өтеді. Ал жоғарғы деңгейде өтетін кештерге әр ата-ана миллион теңгеге дейін ақша құртатынын естідік, дейді кеш ұйымдастыратын мекеме өкілі. Өскемендік Светлана Янның анасы биыл мұндай кешті мектеп қабырғасында өткізуді жоспарлаған. Алайда соңғы сәтте бас тартыпты.  

Светлана ЯН, МЕКТЕП БІТІРУШІНІҢ АНАСЫ:

Өмірде бір рет болатын мұндай кеш оқушының да, ата-ананың да есінде қалуы керек деп ойлаймын. Мектепте өткізудің машақаты көп, Соңынан оны жинастыру керек, ыдыс жуу керек. Одан да сәнденіп, мейрамханада өткізу тиімді.

- Маған мынау ұнайды, мынау қызыл қысқа сияқты...  

Алматылық мектеп бітіруші Әдел Өтебекова киім таңдауда қаражатқа емес, оның жарасымдығына мән беретінін айтады. Сондықтан ол өзіне ұнаған кеш көйлегіне тапсырыс берген. Оның құны 100 мың теңгеге бағаланыпты. Одан тыс бет пен шашты әрлеп, жасануға 50 мың теңге жұмсамақ.    

Әдел ӨТЕБЕКОВА, МЕКТЕП БІТІРУШІ:

Мен үшін бұл жинақы, жүріп-тұруға да ыңғайлы көйлек деп таңдадым. Өз бойыма нәзіктік пен жастық сыйлайды. Әрине осының жарт бағасына да көйлек алуға болар еді. Бірақ талғам да болуы керек. Меніңше мұндай кешті енді көрмейміз ғой. Сондықтан мүмкіндікке қарай қаржыны да аяп қалып жатқан жоқпын.

Ата-аналардың есептеуінше, қазір мектеп бітіру шараларына орта есеппен 200-250 мың теңге жұмсалады. Десе де осындай даңғазалық пен шығыннан бас тартып жатқан мектеп оқушылары да кездеседі. Соңғы жылдары аймақтарда жиылған қаражатқа аста-төк дастархан жаймай, мұқтаж жандарға көмек көрсету үрдісін көрсетіп жүргендер бар.

Р. Асқарбекұлы