Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастарды ауылға тартудың жаңа жолы керек - Т.Рахымбеков

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2019
  • 6291

Жастарды ауылға тартудың жаңа жолы керек. Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтың осы және өзге де бастамалары бүгін Қостанайда кеңінен талқыланды. Жоғары оқу орындары жыл сайын мыңдаған ауыл шаруашылығы маманын дайындап шығарғанмен, елдімекенде еңбек етіп жатқандары шамалы. Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын ең ірі 3 университеттің өзі жылына 8 мыңға жуық студентке диплом табыстайды. Бұл маманның барлығы ауылда еңбек етсе, әлдеқашан аграрлы державаға айналар едік, дейді Төлеутай Рақымбеков. Бірақ олар қалада қалып, басқа салаларда еңбек етуді қалайды. Бұдан бөлек маңызды мәселелер қамтылған кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қостанайдағы жиында қызу талқыланды.  

Наталья КОЛОСКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР Т. РАҚЫМБЕКОВТЫҢ ӨҢІРДЕГІ СЕНІМДІ ӨКІЛІ 

Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында ауыл мен қаладағы жағдайды салыстырып, оның арасын жақындату керектігін айтады. Өйткені, кез келген адам жоғары жалақы алып, жайлы өмір сүргісі келеді. Егер дәл осыны елдімекендерде қалыптастыра алсақ, ауыл аймақтың тыныс-тіршілігі жанданар еді.

А. Бектас