Русский Сайттың толық нұсқасы

Д. Еспаева шетелдік журналистермен кездесті

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2019
  • 1919

Шетелдік журналистер Қазақстан тарихында алғаш рет президент сайлауына түсіп отырған тұңғыш әйел Дәния Еспаевмен кездесті. Олар кандидаттың ұстанымдары мен қағидаларын білуге тырысты. Кездесу ашық есік күні аясында өтті. Президенттікке үміткер өтініштері мен ұсыныстарын ала келген тұрғындарды да жеке-жеке қабылдады. Саяси додаға «Ақ жол» партиясы атынан түскен кандидатты қолдау шаралары әлі де жалғасып жатыр. Ертең оның республикалық сайлауалды штабына шетелдік байқаушылар келіп, үгіт-насихат барысымен таныспақ. Ал бүгінгі шетелдік журналистермен кездесуде кандидатқа әрқилы сұрақ қойылды.  

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

"Не себептен сіздің бағдарламаңызда тек қана экономика жағынан сұрақтар көтерілген? Сіз өз бағдарламаңызда декоммунизация жазғансыз. Ресеймен қарым-қатынасқа қалай қарайсыз?", - деген сауалдар да болды. Меніңше жақсы өтті. Маған, партияның атына сауалдар түсті. Соған толық жауап бердім деп ойлаймын.

Г. Меңдеева