Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан коммунистік партиясының қатары толықты

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2019
  • 2689

Қазақстан коммунистік партиясының қатары толықты. Елордадағы ардагерлер кеңесінің кездесуінде жаңа мүшелерге партиялық билеттер табысталды. Олардың ішінде кәсіпкер, қоғамдық ұйым жетекшілері, көпбалалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырғандар бар. Жаңа коммунистерге енді саяси құрылымның бағыты мен қызметін одан әрі жетілдіру міндеті жүктеледі. 

Нұрдәулет ОРАЗХАНОВ, ҚКХП ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:  

Партия қатарына өтушілер үшін жаңа кезең басталады. Оларға партияның идеясын, идеологиясын әрі қарай жалғастырып, біздің партияның ардагерлерінің ізбасарлары болады. Яғни партияның ардагерлері өздерінің тәжірибесімен бөліседі. Біздің партиямыз үшін де өте қуанышыт. Өйткені бұл халықтық партия. Партияның қатары өсіп жатыр. Жаңадан келіп бізге қосылап деушілерге партияның есігі әрқашан да ашық.

А. Сейфулла