Русский Сайттың толық нұсқасы

Білім және ғылым министрінің орынбасары 2 айға қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2019
  • 2876

Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева қамауға алынды. Нұр-Сұлтан қалалық сотының өкілдері ол тергеу изолторында 2 ай болатынын хабарлады. Эльмира Суханбердиева 2016 жылдан бері министрдің орынбасары қызметінде болды. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі вице-министр 3 бап бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Жанна БАСТАРОВА, ҚР МҚІСЖҚК АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот санкциясы бойынша Білім және ғылым министрін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда.

Ал жақында ғана министр тағына отырған Күләш Шәмшидинова отставкаға кетуге өтініш жазуы тиіс. Өйткені Президент қоластындағы қызметкері жемқорлықпен ұсталған министрлерге осындай талап қойды.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР МҚІСЖҚК АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сот үкімі күшіне енгеннен кейін ел президент айтқандай министр отставкаға беру керек. Ал енді әрі қарай көреміз, ол қабылдана ма, қабылданбай ма.

Қызметкері істі болған Күләш Шәмшидинова ғана емес, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың да қызметтен кету туралы өтініш жазуына тура келеді.

Г. Меңдеева