Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қараусыз қалған балалар тоқ ұрып қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2019
  • 3274

Алматы облысында екі бала жантүршігерлік жағдайда қаза тапты. Ата-ананың қарауынсыз қалған жеткіншектер тоққа түсіп қалған. Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Еңбекшіарал ауылында болды. Жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген 11 және 8 жастағы екі бала су тартатын құбырдағы электр сымын байқамай ұстап алған. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, электр су сорғыштың сымы ашық қалған. Алғашында балалардың кішісі оны ұстап алып, тоқ ұрған. Үлкені оны құтқарамын деп электр күшінен соққы алған. Нәтижесінде екеуі де оқиға орнында қайтыс болды, дейді төтеншеліктер. Қазір оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр. 

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

По предварительным данным, младший из погибших, играя, попал в приямок колодца, там были оголенные провода, и получил поражение электрическим током. Старший, пытаясь помочь ему, тоже получил поражение электрическим током.

Р. Асқарбекұлы