Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаушылар форумы өтті

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2019
  • 4068

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған «Бірге» акциясы аясында 500 мың адам өз ұсыныстарын жазған. Бүгін Елордадағы «Нұр Отан» партиясының үміткерін қолдау форумында штаб өкілдерінің облыстарға сапары қорындыланды. Мәулен Әшімбаев бастаған республикалық қоғамдық штаб бүгінге дейін барлық өңірде болып, елдің талап-тілегін тыңдаған. Партия өкілдері алда одан қорытынды шығармақ. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ :

Біз ҚР Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республикалық қоғамдық штабының мүшелері соңғы 4 аптада Қазақстанның барлық облыстарының халқымен кездесу өткіздік. Еліміздің барлық өңірдерінде Қазақстандықтар Елбасының саясатының сабақтастығын біздің кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын толықтай қолдап отырғанын көрдік. 

10000-нан аса адам қатысқан шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Аймақтар атынан сөз сөйлегендер Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының мазмұнына тоқталды. Әлеуметтік бастамаларына баға берді. Тікелей байланысқа шығып, сайлауға баратындарын жеткізгендер де болды. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ: 

Нұр Отан партиясы науқан кезінде үлкен жұмыс жасады. Әр аймақтағы жақтастар біздің бағдарымызды, берік ұстанымдарымызды халыққа жеткізе білді. 20 мыңға жуық сенімді өкілдеріме, мыңдаған волонтерлерге, қоғамдық штабтың барлық мүшелеріне алғыс айтамын.

А.Сейфулла