Русский Сайттың толық нұсқасы

А. Таспихов жақтастары кәсіподақтар ұйымы арасында спорт біріншілігін өткізді

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2019
  • 2092

Әрбір мекеме жыл сайын кемі 1-2 рет спорттық шара өткізуі тиіс. Кәсіподақ ұйымы атынан ұсынылған кандидат Амангелді Таспихов осылай деп отыр. Бүгін үміткердің республикалық қоғамдық штабы Нұр-Сұлтан қаласында салалық кәсіподақтар ұйымы арасында спорттың бірнеше түрінен ел біріншілігін өткізді. Тек футболдан өткен жарсықа 12 команда қатысты. Аманкелді Таспихов штаб мүшелерінен құралған футбол командасында шабуылшы болды. 

Амангелді ТАСПИХОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Кәсіподақтар ұйымдастырған жарыс. Мұнда барлық өңірлерден келген спортшылар. Кәсіподақ ұйымынан келген спортшылар. Естеріңізде болса кеңес уағында бұқаралық спортты негізніен сол кәсіподақ қолдайтын. Кәсіподақтан шығатын. Сол дәстүрді біздерде жаңғыртамыз деген ойымыз бар.

Бір айға созылған сайлауалды үгіт-насихат кезінде үміткердің 2 мыңға жуық сенімді өкілі жұмыс істеді. Әрбір аймақта 20-30 іс-шара өткізіп, Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасын насихаттады. 

Сатыпалды ДӘУЛЕТАЛИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР А.ТАСПИХОВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ ТЕҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біраз еңбек ұжымдарымен кездескенде, әсіресе жастардың осы біздің кәсіподақтың оның ішінде адами құндылықтарды қолдайтыны айқын болды. Біздің қазіргі таңда "жастар жылы" аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар, оның ішінде түрлі марафондар, флеш-мобтар әсіресе, мына жұмысқа тұрғызу, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері оның ішінде еңбекші жұмысшы жастарды баулу, қайта білім беру жастардың түсінігіне тап болып отыр.

Г. Меңдеева