Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауына қатысқан қазақстандықтар ішінде ақтөбеліктер белсенділік танытты

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2019
  • 2425

Президент сайлауына қатысқан қазақстандықтар ішінде ақтөбеліктер белсенділік танытты. Ал сайлау учаскелерінде заңбұзушылықтар тіркелді ме? Заңсыз митингіге қатысты қандай ақпараттар бар? Орталық сайлау комиссиясында таңнан бері жұмыс істеп жатқан тілшіміз соңғы мәліметтермен таныстыруға дайын. Данияр, сөз кезегі өзіңізде. 

Данияр ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ :

Рахмет, Оксана! Дауыс беру науқанының аяқталуына тура екі сағат қалды. Осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп, қанша адамның дауыс бергені туралы бірер минуттардан кейін ақпарат таратылады. Ал қолда бар деректерге сүйенсек, дауыс беруге құқы бар қазақстандықтардың 66 пайызға жуығы учаскілерге келіп, өз таңдауын жасап кеткен. Ақтөбе облысы тұрғындарының белсенділігі аса жоғары. 79,7 пайызбен қош басында. Алматы облысында 76,7 пайыз, ал Ақмола облысындағы халықтың 75,1 пайызы дауыс беріп үлгерген. Ал облыстарға жатпайтын үш үлкен қаладағы жағдай шамалас. Елорда сайлаушылардың 49,6, Алматы қаласында 45,7, ал Шымкентте 55,6 пайызы сайлауға қатысыпты. Бұл сандар тұрғындардың елді-мекендердегі тығыздығы мен жас ерекшеліктеріне де байланысты екені анық.Ақпарат құралдары дауыс беру жәшіктеріндегі бірнеше бюллентеннің қосарласып жатқаны жөнінде ақпарат таратты. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнен осы дерекке қатысты сұраған едік, бұл дерек тексерілетінін айтты.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

- Заңбұзушылықтар болып жатса, оны біз жинақтайтын боламыз.  

- Сайлау учаскесінде бір адамға 5-6 бюллетень беріпті.

- Бір сайлаушыға бір бюллетень берілуі тиіс

- Мінекей.

- Мүмкін емес бұлай болуы. Бұл заңбұзушылық.

Айта кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев брифинг кезінде әлеуметтік желілерде дауыс беру парақтарын суретке түсіріп салу, арнайы жазбалар қалдырып, комментарийде белгілі бір тұлғаға жақтасу үгіт жұмысы болып саналып, ол үшін әкімшік жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Ал Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, Қызылорда облысындағы Арал қаласында тәртіп бұзушылық анықталғанын айтты. Онда бір азамат сайлау учаскісіне мас күйінде келіп, жәшікті теуіп сындырған екен. айта кетейін, қала көшелерінде 10 мың полиция мен ұлттық ұлан сарбазы күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Ал сайлау учаскілерінде 19 мың полицей кезекшілікте.Ішкі істер министрлігінің өкілдері сайлау учаскелерінде айтарлықтай заңбұзушылық жоқ деп отыр. Ал елорда мен Алматыда заңсыз митинг кезінде ұсталған журналистер босатылатынын хабарлады. Әзірге бар ақпарат осы. Сағат 20:00-де жаңа мәліметтермен бөлісетін боламын. Оксана? 

Рахмет, Данияр, соңғы ақпараттармен күтетін боламыз. Орталық сайлау комиссиясынан студиямен тікелей байланыста болған әріптесім Данияр Қайыртай.