Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның медиа альянсын Арманжан Байтасов басқаратын болды

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2017
  • 3154

Бүгін Астанада Қазақстанның медиа альянсының жаңа төрағасы сайланды. Жаңа қоғамдық бірлестікті бизнесмен Арманжан Байтасов басқаратын болды. Сайлау құрылтай съезі кезінде шенеуніктер, блогерлермен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Медиа Альянстың өзі қазан айының басында құрылған болатын. Оған мүшелікке жүздеген блогерлер мен журналистер өтініш білдіріп үлгерген. Қоғамдық ұйым БАҚ өкілдерінің құқығын қорғап, сөз бостандығын насихаттайтын болады. Ол үшін журналистерге арналған медиация құрылып, ол өз кезегінде түрлі келіспеушіліктерді сотқа дейін реттемек. Сондай-ақ қазақстандық медиа саланы дамытуға ықпал етпек.

Арманжан Байтасов, Қазақстан медиа альянсының басқарма төрағасы:

Медиа альянс өз кезегінде ашық ұйым болып есептеледі. Біріншіден, оған кез келген журналист мүшелікке ене алады. Біз олардың барлығының құқығын қорғауға ниет танытып отырмыз. Олар әкімшілікке жүгіну арқылы өз ойларын ортаға сала алады. Мұнан бөлек, жеке сайтымыз да өз жұмысын бастады.