Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде қалалық жағажай салынды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2019
  • 2101

Өскеменде "Құтты мекен" жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен қайта жаңартылуы жалғасты. Жобалардың іске асу барысын "NUR OTAN" фракциясынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қадағалап отыр. Маусым айының ортасында Самал саябағында құрылыс жұмыстары аяқталады. Жағажайға ыңғайлы веложолдар, спорт және балалар алаңы салынған. Қазір бұл жер инфрақұрылымы сақадай-сай қауіпсіз мекенге айналды. Өскеменде мұндай керемет жағажай 20 жылдан бері болмаған еді. Шаһарда көлік кептелісін болдырмау үшін жолдардың кеңейтілгенін де атап өткен жөн. Алтай төріне алты жолақты жол салу үшін әуелі жер асты жылу магистралі жөнделіп, гүлзарлар жол жиегіне ауыстырылған. Құрылыс жұмыстары «Nur Otan» депутаттарының жіті назарында болды.  

Олег ЧЕРНЫШОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Біз құрылыс жұмыстарының сапасына мән беріп,жіті тексереміз. Жөндеу жұмыстарының тез атқарылуы оның сапасын төмендетпеуі тиіс.Егер технологияны өзгерту керек болса, мердігер айтқанды бұлжытпай орындап межелі жұмысын сапалы атқаруда.

З. Санай