Русский Сайттың толық нұсқасы

Премьер-министр әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін жұмыс орындарын ашуды тапсырды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2019
  • 2863

Әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін жұмыс орындарын ашу керек. Ол үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасындағы негізгі тапсырмаларды орындау керек. Бүгін Үкіметте премьер-министр осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдында табысты арттыруға, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға уәде еткен. Тұғырнамасында қолжетімді тұрғын үймен, біліммен, медицинамен қамтамасыз етем деген де пункттер болды. Мамин бұл шаруалар инвесторларды көбірек тартумен ғана шешілетінін айтты. Сондықтан осыған мән беруді тапсырды. 

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жұмыс болса, халықтың тұрмысы жақсарады, демек наразылық та болмайды деген сөз. Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасы мен стратегиялық міндеттердің тиімді жүзеге асырылуының арқасында әлеуметтік мәселелер тиімді жүзеге асырылады.

Сондай-ақ премьер-министр әкімдерге азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін шара қолдануды тапсырды. Инфляция 4-6 пайыз дәлізінде сақталғанымен, кей өңірлер ауыл шаруашылығы тауары құнын шарықтатып жіберген. Қазір базарда жаңа піскен жеміс пен көкөніс толып тұр, сондықтан баға да түсуі тиіс. Осылай деген премьер әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты етуді тапсырды.

А. Сейфулла