Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазір доллар алуға қолайсыз сәт» - Қазақстан қор биржасы басқармасы

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2019
  • 2641

Қазір доллар сатып алатын уақыт емес. Қазақстан қор биржасы басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк осылай деп мәлімдеді. Андрей Цалюктің айтуынша, теңгенің құлдырауына мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы әсер еткен. Қазір қара алтынның «Brent» маркасының 1 баррелі 63 долларға сатылып жатыр. Оған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы мен Құрама Штаттың Мексикамен алауыздығы да себеп болды. 

Андрей ЦАЛЮК, ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы жоғарғы деңгейде тұр, мұндайда доллар сатып алуға әсте болмайды. Адамдар қазір байбаламға салып жатыр. Еліміз тарихында осындай жағдайда дәл осы доллар сатып алғыш адамдар кейін өкініп, өкпелеп жататыны белгілі.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы мыс бағасы мен Қазақстан қор биржасының индексіне кері ықпал еткен. Мамырда КАСЕ индексі 3 пайызға төмендеп, «қызыл аумаққа» енді. Қазақстандық өндіруші «Қаз Минералстың» акциясы 21 пайызға арзандаған.

Андрей ЦАЛЮК, ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сауда соғысының әсер ету себебі «Kaz Minerals» бағасы мыстың құнына тікелей тәуелді. Ал Қытай ірі мыс тұтынушы елдердің бірі. Сондықтан АҚШ пен Қытай арасындағы саудадағы текетірестерден бүкіл әлем қорқады. Өйткені мыс бағасы құлдырайды.

А. Қуаш